Басты бет / Философия және саясаттану / Саясаттану және саяси технологиялар / Марасулов Нұрлы Қанатұлы
Марасулов Нұрлы Қанатұлы
Лауазымы: оқытушы
саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы
Алматы қаласында дүниеге келдім. №23 мектеп-гимназиясының жаратылыстану-математикалық бағытын
үздік бітірдім. "Саясаттану" мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар бакалавры және магистрі
дәрежесін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ие болдым.
Менің ғылыми қызығушылықтарымның саласы саяси қатысу, саяси конфликтология және әлеуметтік-
саяси наразылықтар, саяси қызметті цифрландыру болып табылады, сондықтан менің дипломдық
жұмысымның тақырыбы "Қазақстандағы әлеуметтік-саяси қақтығыстарды модельдеу", ал магистрлік
диссертацияның тақырыбы "Қазақстандағы әлеуметтік–саяси наразылықтардың ерекшеліктері"
болған.
Соңғы жылдары мен студенттердің саяси білімін, көшбасшылық және коммуникация дағдыларын
дамытумен айналысамын.
Хобби: славян, түркі және роман тілдерін үйрену, әдебиетті оқу (мамандығы бойынша кітаптардан
басқа, құқық, психология, философия және технологияның әлеуметтік әсері туралы кітаптар;
көркем әдебиеттен: шетелдік классика, заманауи проза, утопия, дистопия, қиял).
Бірінші жоғарғы білімі
| Білім беретін мекеме | Квалификация | Аяқталу күні |
|---|---|---|
| әл-Фараби атынд.ҚазҰУ | Жоғары | 2016 |